Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі Р.А.Таласпаева
Латын алфавитіне көшу — заман талабы – деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» – деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.
Қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі Г.А.Төлебаева
Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім. Латын əліпбиіне көшу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.
Қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі А.Ғ.Қыпшақбаева
Модернизация алфавитов — это нормальная историческая практика. Если бы в качестве алфавита предлагался сложный и абсолютно незнакомый алфавит, например, иероглифический, но ведь нам предлагается самый распространенный, используемый во всем мире алфавит.
Я думаю, что латинский алфавит станет инструментом, который налаживает коммуникации. К тому же он хорошо известен в нашей стране. Важно и то, что латиница позволяет не потерять, а нормально адаптировать международную научно-техническую лексику в национальный словарь. Что же касается того, как повлияет латиница на изучаемость казахского языка, то думаю, что интерес к языку возрастет.
Нужно заметить, что внешняя похожесть казахского и русского алфавитов не всегда способствовала хорошему изучению казахского языка. Теперь же, когда алфавит будет отличаться, изучение и обучение казахскому языку, возможно, станет более целенаправленным, более четким и осмысленным.
Учитель географии Благовисная Ю.В.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын толық қолдаймын.- Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешімін қуана қолдаймын. Әрине, түрлі кедергілер кездесетіні түсінікті . Сондықтан «шешінген судан тайынбас» деген сөздерді бетке ұстап, тәуекелге барғанымыз жөн. Алға ұмтылған адам үшін алынбайтын қамал жоқ. Мысалы, мен латын әліпбиін білмеймін, бірақ кітаптарды оқи алады екенмін. Латын қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткіздім. Латын әліпбиіөзіміздің ұлттық мәдениетімізді, тілімізді сақтауға септігін тигізеді. Біздің ел латынға көшу арқылы өзіне туысқан әзірбайжан, өзбек, түрік, түркімен сияқты елдермен бір әліпби жүйесінде болады. Латын әріптері бүгінгі таңда технология мен компютерге ең ынғайлы әріп жүйесі. Бұдан да ұтарымыз көп. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - дегендей, нық қадаммен алға басайық!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.А. Оразбаева